Отбасыжәнебалаларсаласындамемлекеттікқызметтердікөрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20478 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осыбұйрықтыңқолданыстаенгізілутәртібін5т.қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата- анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
10) осыбұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға(балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының он екі, жиырма төртінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын, "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетінқызметстандартының8-тармағыныңсегізіншіабзацынжәне9-
тармағының он төртінші абзацын, "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының тоғызыншы, он сегізінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын қоспағанда, қолданысқа енгізіледі.
ҚазақстанРеспубликасының
Білімжәнеғылымминистрі
|
А.Аймагамбетов
|
ҚазақстанРеспубликасы
Цифрлықдаму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қазанда № 17553 болып тіркелді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
|
Е. Сағадиев
|
|
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2018 жылғы 12 қазандағы№ 564 бұйрығына қосымша
|
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 29) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" және "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардығы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету үшін балалардың немесе білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен шарт жасайды.
- № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-бөлім. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі
Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз тасығышта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес құжаттар ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 9-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
9-3. Портал арқылы жүгінген көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама (құжаттарды қабылдау не дәлелді бас тарту) жіберіледі.
Ескерту. Қағида 9-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-4. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына қабылданатыны туралы хабарлама не болмаса дәлелді бас тарту келеді.
Ескерту. Қағида 9-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-5. Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берген бірінші үшеуге оқуға қабылданғаны туралы, содан соң - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. Қағида 9-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-6. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтінімді қағаз жеткізгіште берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркейді және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданатыны немесе дәлелді бас тарту туралы қолхат береді.
Өтінімді қағаз жеткізгіште берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші баланы қабылдаған кезде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген бірінші үшеуін қабылдау туралы, содан кейін - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді.
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.
Ескерту. Қағида 9-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 9-7. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес портал немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада бекітілген мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес портал немесе қағаз тасығыш арқылы тапсырады.
Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір ұйымнан екінші білім беру ұйымына ауысуы туралы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, сыныбы, тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс), мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту кезінде - бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тарту туралы көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған хабарлама келеді.
Ескерту. Қағида 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10-3. Көрсетілетін қызметті алушыдан қағаз жеткізгіште құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші келетін ұйымға ұсыну үшін тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, сыныбы, оқыту тілі және мектебі (телефон, пошталық мекен-жай, электрондық пошта мекен-жайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген келу туралы есептен шығару талонын береді немесе дәлелді бас тартады.
Ескерту. Қағида 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10-4. Көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алған жағдайда білім алушы келетін көрсетілетін қызметті беруші басқа білім беру ұйымына келу туралы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, оқу сыныбы, білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурс) көрсетілген есептен шығару талонын ұсынады.
Ескерту. Қағида 10-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10-5. Оқуға келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келгені туралы есептен шығару талонының түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы кететін орта білім беру ұйымынан құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алу үшін ұсынылады.
Келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасы (құжаттар басқа орта білім беру ұйымына келу туралы сырттай куәліктің түпнұсқасын ұсынғаннан кейін беріледі) білім алушы құжаттарды (білім алушының жеке ісі) алуға кететін орта білім беру ұйымына беріледі.
Білім беру ұйымдары білім алушыны орта білім беру ұйымына/ұйымынан қабылдау/ шығару туралы бұйрықтар шығарады және салыстыру жүргізеді.
Ескерту. Қағида 10-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10-6. Сынып жиынтығы шамадын тыс толуы және осы Қағидаларда белгіленген өтінім беру мерзімдері сақталмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. Қағида 10-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 03.06.2021 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
10-7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеу ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 10-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11-1. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды білім беру ұйымына қабылдау тәртібі және үміткердің білім деңдейін айқындау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6573 болып тіркелді) реттеледі.
Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.01.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі (бұдан әрі-конкурс).
Мамандандырылған білім беру ұйымы өзінің интернет-ресурсында конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде сынып-жинақтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш;
2) ЖСН көрсете отырып, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
3) баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуретін;
5) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Ақпараттық жүйе болған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттар электрондық форматта ұсынылады. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда сканерленген құжаттар электрондық мекенжайға жіберіледі немесе қағаз нұсқасында мамандандырылған білім беру ұйымның кеңсесіне ұсынылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18-1. Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
аналары "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.
Ескерту. Қағида 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
19. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты адамы конкурсқа қатысу үшін білім алушының электрондық базасын тест материалдарын әзірлеу үшін "Дарын" орталығына тапсырады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. "Дарын" орталығы басшысының бұйрығымен үміткерлердің электрондық базасымен жұмыс істеуге жауапты тұлға анықталады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
22. "Дарын" орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссия құрады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтың органдарының, "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Конкурстық комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Мамандандырылған білім беру ұйымы:
1) "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде;
2) осы Қағидалардың 18-1) тармағында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25-1. Осы Қағидаларға 25-тармақта көрсетілген 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылар жергілікті атқарушы өкілді органдардың және/немесе меншік нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының басқару органының шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. Қағида 25-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25-2. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың іріктеу өлшемшарттарға сәйкестігін тексереді және растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қосымша сұратады.
Ескерту. Қағида 25-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына іріктеу жүргізу үшін конкурстық материалдарды "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. Қағида 26-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
27. Конкурс 15 мамыр – 15 маусым аралығындағы кезеңде апта сайын әрбір сенбі-жексенбі күндері өтеді. Қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган келесі оқу жылы басталғанға дейін белгілейді.
Ескерту. Қағида 27-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
28. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында конкурс басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын орналастырылады.
Ескерту. Қағида 28-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
29. Конкурс оффлайн режимінде (тестілеу форматында) өтеді. Конкурсты электрондық форматта өткізу үшін оператор мамандандырылған білім беру ұйымдарымен келіседі.
Ескерту. Қағида 29-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
30. Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын "Дарын" орталығының қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді.
Ескерту. Қағида 30-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша "Дарын" орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.
Ескерту. Қағида 30-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
32. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.
Ескерту. Қағида 32-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Оқуға түсушілерге арналған тестілеу:
1) 5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
2) 6-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 35 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;
Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
3) 7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 55 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;
Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
4) 8-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 85 сұрақтан тұрады (қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін):
математика және логика - 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;
қазақ тілі мен әдебиет – 40 сұрақ.
5) 10-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 95 сұрақтан тұрады:
математика және логика - 60 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
Қазақстан тарихы - 25 сұрақ.
Ескерту. Қағида 33-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
34. Тестілеуге бөлінген уақыт 5-сыныпта – 60 минут, 6-сыныпта – 90 минут, 7-сыныпта – 120 минут, 8-сыныпта – 150 минут, 10-сыныпта – 180 минут (тест материалдарын тарату, Жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді).
Ескерту. Қағида 34-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
35. Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).
Ескерту. Қағида 35-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.
Ескерту. Қағида 36-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
37. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.
Ескерту. Қағида 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
38. "Дарын" орталығы, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломның облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірдей балл жинаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.
Ескерту. Қағида 38-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
39. "Білім-инновация лицейді" қоспағанда, мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілерге конкурстық іріктеу бір турда (тестілеу) өткізіледі. "Білім-инновация" лицейіне конкурстық іріктеу және қабылдау "Білім-Инновация" халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. Қағида 39-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
40. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді, оның ішінде осы Қағидалардың 25-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерді қабылдау мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес баллдардың ең көп санына қарай жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 40-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
41. Үміткерлерді конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығының және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.
Ескерту. Қағида 41-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
42. Конкурс қорытындысы бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерді оқу жылының басталуына дейін мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Ескерту. Қағида 42-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
43. Конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурс үміткерлерінің қатарынан санды кеміту тәртібімен жиналған баллдардың сомасы бойынша үміткерлердің резервтік тізімін қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. Қағида 43-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
44. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер мамандандырылған білім беру ұйымдарына бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындардың болуы мамандандырылған білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. Қағида 44-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
45. 8,10-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 23890 болып тіркелген) Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды.
Ескерту. Қағида 45-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
46. Дарынды балалардың әскери іс, спорт, өнер, тіл мен әдебиет негіздерін терең игеруіне бағытталған білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған білім беру ұйымдары мектеп Жарғысына сәйкес функционалды кәсіби, психологиялық, шығармашылық және физиологиялық мәліметтерді ескере отырып, үміткерлердің екінші турын өткізеді.
Ескерту. Қағида 46-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.04.2024 № 94 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
47. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
48. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 04.04.2023 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13317 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес", БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021 № 561 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 323 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8678 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрі
|
А. Сәрінжіпов
|
|
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің2016 жылғы 27 қаңтардағы№ 83 бұйрығыменбекітілген
|
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беруді (растауды) тәртібін айқындайды.
1) аттестаттау – педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санаттары беріледі (расталады);
2) аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес біліктілік санатын беруге (растауға) ("Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) үміткер педагог;
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
4) аттестаттау кезеңі – біліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталғанға дейін немесе мерзімінен бұрын аттестаттау үшін шарттар болған жағдайдағы уақыт аралығы;
5) апелляция – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
6) апелляциялық комиссия – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын, педагогтердің білімін бағалау нәтижелерін қайта қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдайтын комиссия;
7) біліктілікті бағалау – білім беру ұйымдарының педагог материалдарының (портфолио) біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін қарауы;
8) біліктілік санаты – "Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандартына (бұдан әрі – Кәсіптік стандарт) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) және "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
9) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау – педагог қызметінің дәлелдері мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;
10) педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – осы Қағидаларға сәйкес педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі;
11) Сараптамалық кеңес – қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау рәсімін жүргізетін алқалы орган.
3. Педагогтерді, әдіскерлерді, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларын аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі
Педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшылары, басшы орынбасарлары электрондық форматта ПББ-дан өтеді.
5. ПББ аттестатталушының өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.
1) мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптары педагогтері үшін:
"Мектепке дейінгі педагогика және психология" – жиырма тапсырма;
"Бейіні бойынша тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
"Пәндік білім" - отыз тапсырма;
"Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;
3) негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
"Пәндік білім" - отыз тапсырма;
"Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;
4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
"Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;
"Психология негіздері" - жиырма тапсырма;
5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері, әлеуметтік педагогтері, кәсіби бағдар берушілері, тәлімгерлері үшін:
"Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;
"Психология негіздері" - жиырма тапсырма;
6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
"Бейіні бойынша пәндік білім" - отыз тапсырма;
"Арнайы педагогика және психология" - жиырма тапсырма;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (оқу-өндірістік комбинаттары) үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері үшін:
"Пәндік білім" – отыз тапсырма;
"Оқыту әдістемесі" - жиырма тапсырма;
басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
"Педагогика негіздері" - отыз тапсырма;
"Психология негіздері" - жиырма тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:
"Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу" бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:
9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
"Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу" - елу тапсырма.
7. ПББ нәтижесі шекті деңгейге жеткен кезде оң деп саналады:
1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
"педагог" біліктілік санаты - 50%;
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 60%;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70%;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80%;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 90%.
2) білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшысының орынбасарлары үшін – 70%;
3) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
"педагог" біліктілік санаты - 50 %;
"педагог-модератор" біліктілік санаты - 60 %;
"педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 70 %;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 80 %;
"педагог-шебер" біліктілік санаты - 90 %.
Педагогтердің білімін бағалау ұпайлары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бөлінеді.
8. Педагогтерге нұсқау беру уақытын есепке алмағанда, ПББ орындау ұзақтығы:
педагогтер үшін – сексен минут, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – жүз жиырма бес минут;
білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлері үшін – тоқсан минут;
мүмкіндіктері шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар үшін қосымша 40 (қырық) минут беріледі.
9. ПББ:
педагогтер кезекті аттестаттауда жылына 1 (бір) рет – тегін, 1 (бір) рет – білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде;
мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогтер жылына 1 (бір) рет – тегін;
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар өтілі жоқ тұлғалар, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастауға тілек білдірген тұлғалар – 1 (бір) рет - тегін, кейінгілері – білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сомаға сәйкес ақылы негізде өтеді.
Сынамалық тестілеу (педагогтің қалауы бойынша) – ақылы негізде жыл бойы өтеді. Сынамалық тестілеудің нәтижелері ПББ-дан өту үшін негіз болып табылмайды.
10. Аттестаттау педагогтердің барлық лауазымдары үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды қамтиды.
Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін қызмет нәтижелерін таныстыра отырып, сондай-ақ Комиссия отырысында әңгімелесу өтеді.
Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға болмай құрылымдық бөлімше болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.
11. ПББ жүргізу кезінде:
тестілеу техникасы мен қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
ПББ өтуіне байланысты тестілеу жүйесіне бұзушылық әрекет жасап, араласуға;
дәліз бойынша кезекші қызметін атқаратын адамның рұқсатынсыз және сүйемелдеуінсіз аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) шығуға;
педагогтердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) 10 (он) минуттан аспайтын және 2 (екі) реттен артық шықпауға, бұл ретте тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;
жанындағы адаммен сөйлесуға, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
жұмыс үшін берілген құжаттар мен А4 қағаздармен алмасуға;
аудиторияға (компьютерлік кабинетке) келесі тыйым салынған заттарды: мобильді байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (смартфон), рациялар, ноутбуктер, плеерлер, модемдер (мобильді маршрутизаторлар), смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер, фитнес-білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды құлаққаптар, сымсыз, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сонымен қатар келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) енгізуге;
аудиторияға (компьютерлік кабинетке) шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, Менделеевтің периодтық және тұздардың ерігіштік кестелерін, калькуляторды, түрлі форматтағы қағаздарды енгізуге;
аудиториядан (компьютерлік кабинеттен) түрлі форматтағы қағаздарды шығаруға рұқсат етілмейді.
12. ПББ өткізу талаптарын бұзу дерегі анықталған жағдайда аттестатталушы бір жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
ПББ өткізу талаптарын бұзу деректері қайта анықталған жағдайда педагог, бөлімнің басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы орынбасары – бес жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы – үш жылға аттестаттаудан өтуге жіберілмейді.
13. ПББ басталғанға дейін орнына отырғызылған соң тестілеу кезінде нұсқаулық жүргізіледі.
14. ПББ жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері байқаушы ретінде қатысады.
Бақылаушы тестілеу кезінде педагогтерге жәрдемдеспейді, тестілеуді өткізуге кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермейді. Тестілеуді өткізу тәртібін бұзған жағдайда бақылаушы өз функцияларын орындаудан шеттетіледі.
15. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген мүгедектікті анықтау туралы құжат болған жағдайда мүмкіндігі шектеулі (көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған) тұлғалар мүгедектікті анықтау туралы құжаттарды өтінішке тіркейді, онда көмекшіні ұсыну қажеттігі қосымша көрсетіледі.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогпен туыстық және басқа да байланысы жоқ, ПББ шеңберінде тапсырылатын пәндер педагогі болып табылмайтын ұйым қызметкерлерінің (және (немесе) ым тілін меңгерген маманның) қатарынан көмекші тағайындайды.
16. ПББ өткізген уақытында немесе тапсыру мерзіміне қарамастан рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қағидаларды бұзу актісі жасалады.
17. ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.
Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды.
18. Апелляция мынадай жағдайларда:
1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:
дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;
дұрыс жауап болмағанда;
бірден көп дұрыс жауап болғанда;
тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;
2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында техникалық себеп бойынша қаралады.
19. Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады.
20. Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.
Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
21. Апелляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. Апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы уәкілетті орган бекіткен ұйымда бір жыл сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Апелляциялық комиссиянының қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
22. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияны ескере отырып ПББ өткендігі туралы сертификат компьютерлік тестілеу жүйесіндегі педагогтің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Педагогтердің ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды болып саналады.
23. ПББ-дан өткен педагогтердің электрондық дерекқорын сақтау бес жыл ішінде қамтамасыз етіледі.
24. ПББ өту кезінде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс), күнін, уақытын, тестілеу орнын таңдайды. Тестілеуден бір күн бұрын педагогке тестілеу күні, уақыты, орны туралы хабарлама жіберіледі.
25. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына тиісті деңгейдегі Комиссия өтініш негізінде жұмысқа қабылданған кезде педагогтерге білім беру ұйымының өтініші негізінде аттестаттау рәсімінен өткізбей:
жұмысқа орналасу кезінде бейін бойынша өндірісте соңғы 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі болса – "педагог-модератор";
жұмысқа орналасу кезінде мамандығы бойынша соңғы 10 (он) жылдан астам жұмыс өтілі болса, "педагог-сарапшы" біліктілік санаттарын береді.
Біліктілік санатын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Келесі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
26. Комиссия өтініш негізінде лауазымға тағайындау кезінде аттестаттау рәсімінен өтпей:
Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кеш емес кезеңде NazarbayevUniversity, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне, қолданыстағы Сэлта CELTA сертификаты (сертифекейт ин инглиш лэнгуиж тичинг ту адалтс. Кембридж CertificateinEnglishLanguageTeachingtoAdults. Cambridge) пас энд эбав Passandabove) бар шет тілі мұғалімдеріне "педагог-модератор" біліктілік санатын береді.
қолданыстағы Дэлта DELTA сертификаты (диплом ин инглш лэнгуидж тичинг ту адалтс DiplomainEnglishLanguageTeachingtoAdults) пас энд эбав Passandabove) бар шет тілі мұғалімдеріне "педагог-сарапшы" біліктілік санатын береді.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі.
27. Аттестаттаушы органның комиссиясы шетел (ағылшын, неміс, француз) тілі мұғаліміне өтініш пен тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындысы бойынша біліктілік санатын береді:
1) "педагог-модератор":
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternetBasedTest (іBT) – 79-84 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (GoetheZertifikat) – В2.
2) "педагог-сарапшы":
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (іnternetBasedTest (іBT)) – 85-93 балл;
француз тілі: дельф (DELF) – В2;
неміс тілі: гесэ цэтификат (GoetheZertifikat) – В2;
3) "педагог-зерттеуші":
ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternetBasedTest (іBT)) – 94-101 балл, тикити TKT (тичинг ноулидж тест TeachingKnowledgeTest) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKTCLIL (контент энд лэнгуидж лернин ContentandLanguageIntegratedLearning); тикити йан лернерс TKTYL (йан лернерс YoungLearners).
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (GoetheZertifikat) – С1;
4) "педагог-шебер":
ағылшын тілі: Айелтс (IELTS) – 7,5 балл немесе тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternetBasedTest (іBT)) – 102-109 балл; тикити TKT (тичинг ноулидж тест TeachingKnowledgeTest) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (нәтиже 4 баллдан 3-4); тикити клил TKTCLIL (контент энд лэнгуидж лернин ContentandLanguageIntegratedLearning); тикити йан лернерс TKTYL (йан лернерс YoungLearners);
француз тілі: Дельф (DELF) – С1;
неміс тілі: Гесэ цэтификат (GoetheZertifikat) – С1.
28. Шетел (қытай, түрік, араб және т.б.) тілдерін оқытатын мұғалімдерге жеке өтініш пен бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған қолданыстағы сертификат негізінде, ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау нәтижесі бойынша Комиссия:
В2 деңгейі - "педагог-модератор";
С1 немесе С2 деңгейі - "педагог-сарапшы" біліктілік санатын береді.
29. "Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнайы бағдарлама)" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 390 қаулысына сәйкес жұмысқа қабылданған мұғалімдерге аттестаттау рәсімінен өтпестен өтініші бойынша:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – "педагог-модератор";
"педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты бар педагогтерге – бір деңгейге жоғары біліктілік санаты беріледі.
Басқа білім беру ұйымына жұмысқа ауысқан кезде педагогтерге Арнайы бағдарлама шеңберінде берілген біліктілік санатын растау рәсімінен өтеді.
30. Білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және кадр резервіне енгізілген педагогтерге лауазымға тағайындалған кезде аттестаттау рәсімінен өтпей "бірінші санатты басшы" біліктілік санаты беріледі.
Кейінгі аттестаттау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
31. Комиссия хаттамасының негізінде аттестаттаушы орган біліктілік санатын беру (растау) туралы бұйрық шығарады және білім беру ұйымы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік береді.
1-параграф. Аттестаттау комиссиясының құрамы және қызметінің тәртібі
32. Білім беру саласындағы уәкілетті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады:
1) білім беру ұйымдарында: "педагог-модератор";
2) ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органында: "педагог-сарапшы", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы";
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беруді басқару органында:
"педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін, "бірінші санаттағы басшының орынбасары", "бірінші санаттағы басшы";
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін: "педагог-сарапшы", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы";
4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жанынан:
"педагог-шебер";
ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін: "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "үшінші санаттағы басшының орынбасары", "екінші санаттағы басшының орынбасары", "бірінші санаттағы басшының орынбасары", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы", "бірінші санаттағы басшы".
33. Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар және "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтер; әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдардың әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді.
34. Комиссияның өкілеттігі қолданыста болған кезеңде аттестаттауға жататын педагогтер Комиссия құрамына кірмейді.
35. Комиссияның өкілеттік мерзімі Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір жылды құрайды.
36. Комиссия мүшелері тақ саннан (жетіден кем емес) тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды, хаттаманы рәсімдейді және қол қояды. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды.
37. Комиссияның отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.
Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
38. Комиссия педагогтердің (ұйымның, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысынан (басшының орынбасарынан) басқа) аттестаттау нәтижелері бойынша келесі тұжырымдармен қорытынды шешім қабылдайды:
1) өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді;
2) қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
3) қолданыстағы біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді.
39. Комиссия шешімі осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес хаттамамен рәсімделеді. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамадан үзінді көшірме педагогтің электрондық поштасына жіберіледі. Аттестаттаудан өткен педагогтердің тізімі аттестаттаушы органның интернет-ресурсында жарияланады.
2-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
40. Аттестаттау үшін құжаттарды беру осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі - Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес жүзеге асырылады.
Аттестаттаудан өту үшін педагог осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
41. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, Орта білім беру комитеті, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.
42. Мемлекеттік қызмет электрондық үкімет веб-порталы (бұдан әрі - портал) немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
Құжаттарды портал арқылы қызмет алушының "жеке кабинетіне" жіберген кезде бір жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.
Өтініш портал арқылы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш пен құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Негізгі талаптар тізбесінде қарастырылған құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған кезде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
43. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
44. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.
Шағым қызмет көрсетушіге және (немесе) шағымдалған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
3-параграф. Педагогтің қызмет нәтижесін кешенді талдамалық жинақтауды өткізудің тәртібі
45. Педагог қызметінің және жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі.
Материалдарға (портфолиоға) педагогтің эссесі қосылады. Эсседегі сөздердің саны 250-300 (екі жүз елу – үш жүз) сөзден құралу керек. Эссе тақырыптарын жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық қағидаты сақталады.
46. Педагогтер қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізу үшін әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша жеке Сараптамалық кеңес құрылады. Сараптамалық кеңестің құрамына сараптамалық кеңестің төрағасы мен мүшелері кіреді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің саны тақ саннан, кемінде жеті адамнан тұрады. Төраға Сараптамалық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады.
47. Сараптамалық кеңестің құрамы бекітіледі:
"педагог-модератор" біліктілік санатына – білім беру ұйымы деңгейінде ұйымдастырылатын, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар әдіскерлерден, педагогтерден, "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтерден құралған Сараптамалық кеңес;
"педагог-сарапшы" біліктілік санатына - ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органы деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар педагогтерден, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтерден, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатына; "педагог-сарапшы" (ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін); "педагог-шебер" (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде ұйымдастырылатын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен, кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар педагогтерден, "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаттары бар педагогтерден, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес;
"педагог-шебер" біліктілік санатына; "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" (ведомстволық бағынысты ұйымдар, білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар), салалық мемлекеттік орган ұйымдары үшін) - республикалық оқу-әдістемелік кеңесі жанынан ұйымдастырылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, салалық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, білім беру ұйымдарының кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі, "педагог-шебер" біліктілік санаты бар педагогтерінен, педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарының өкілдерінен тұратын Сараптамалық кеңес.
48. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін ұсынылған материалдарды (портфолиоларды) Комиссия жылына бір рет Сараптамалық кеңеске қарау үшін жібереді.
Педагогтің біліктілік санатын беруге (растауға) арналған материалдары (портфолиосы) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде Сараптамалық кеңеске беріледі.
49. Сараптамалық кеңес осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес педагог материалдарын (портфолиосын) бағалау парағы бойынша портфолионы бағалайды. Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (сабағын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бағалау парағы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес байқау парағына сәйкес бағаланады.
50. Сараптамалық кеңес тиісті деңгейдегі Комиссияға осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 шілдесіне дейін) біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау қорытындылары бойынша ұсынымдарды жібереді.
51. Комиссия тиісті жылдың қаңтары мен тамыз аралығындағы кезеңі қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
52. Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес педагогтердің материалдарын (портфолиосын) бағалау парақтарын толтырады. Орта (арнайы), қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы педагогінің сабағын (сабағын, ұйымдастырылған қызметін, іс-шарасын) бағалау парағы осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес байқау парағы бойынша толтырылады.
53. Педагогтің материалдарын (портфолиосын) қарау кезінде аудио немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
54. Бейіні бойынша 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардағы педагогтердің қызметінің нәтижелерін кешенді қорытындылау кезінде біліктілік санатын растауда ПББ-дан өту талап етілмейді.
55. Қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау материалдары мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келген, бірақ ПББ өтудің шекті деңгейіне жетпеген жағдайда педагогке:
біліктілік санатын растаған жағдайда бір деңгейге төмен;
біліктілік санатын беру жағдайында ПББ нәтижелерінен жоғары емес біліктілік санаты беріледі.
56. Біліктілік санатын беру (растау) біліктілік сипаттамаларына және кәсіптік стандартқа сәйкес біліктілік санатынан өту мерзімдері мен бірізділік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады:
1) "педагог" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау туралы құжаты бар, бейіні бойынша кемінде бір жыл педагогикалық өтілі бар тұлғалар;
ПББ өткен "педагог-тағылымдамашы", оның ішінде:
педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (тиісті бейіні бойынша жалпы педагогикалық өтілі кемінде 1 жыл болған кезде педагогикалық лауазымды қайта бастау мерзімі 5 (бес) жылдан аспайды) және біліктілік санаты жоқ;
білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары оқу орындарынан ауысқан;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған;
тиісті бейіні бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қоса алғанда тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлау туралы құжаты бар білім беру ұйымдарына педагог лауазымына қабылданған біліктілік санаты жоқ тұлғалар;
қосымша білім беру жүйесінде 5 (бес) және одан да көп жыл кәсіби өтілі бар;
оқу пәнінің мазмұнын, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке дамуына арналған педагогика мен психологияның заманауи тәсілдерін біледі;
жоспарлауды жүзеге асырады, әртүрлі әдістерді, оқыту стратегияларын және бағалау құралдарын меңгереді;
танымдық (білім беру) үдерісінің қағидаттарын ескере отырып, сабақ (оқу, қызмет, іс-шаралар) өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асырады;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады;
ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқыту (тәрбиелеу) нәтижелері туралы хабардар етеді, әріптестерімен (тәрбиеленуші) білім алушылардың үлгерімін (дамуын) талқылайды;
оқыту тәжірибесін жетілдірудегі өз қажеттіліктерін айқындайды, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасының нормаларын, этикалық нормаларды сақтайды;
2) "педагог-модератор" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар, кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттіліктері бар тұлғалар:
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сабақты (оқу, қызмет, іс-шара) жоспарлайды және өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін бағалаудың қажетті әдістемелері мен құралдарын анықтайды;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қолдайды, өз жұмысында этикалық нормаларды қолданады;
білім алушылармен (тәрбиеленушілермен және ата-аналармен (заңды өкілдермен) оқыту (оқу, тәрбиелеу) нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеретін әріптестердің өзекті нәтижелері мен өз тәжірибесін талдайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе тиісті саланың уәкілетті органының білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген жоспарына сәйкес білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушысы болып табылады;
3) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар адамдар, сонымен қатар біліктілігіне сәйкес педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты, кемінде үш жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
пәнаралық (пәндік) байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын жоспарлайды және қолданады, жеке қабілеттер мен қажеттіліктерді ескереді;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын қамтамасыз етеді, өз жұмысында жоғары этикалық нормаларды басшылыққа алады;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) қабілеттерінің дамуы мен ілгерілеуін бағалайды және қадағалайды;
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін дамыту бойынша өз тәжірибесінің нәтижелерін және әріптестердің өзекті зерттеулерін бағалайды;
аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жұмыстың әртүрлі нысандары арқылы әріптестеріне әдістемелік қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан/қала (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар болады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе аудандық (қалалық), облыстық (облыстық маңызы бар қала, астана) деңгейдегі білім беруді басқару органының немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес аудан, облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы болып табылады;
4) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
тиісті бейініне сәйкес жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі, кемінде бес жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіптік құзыреттері бар тұлғалар:
"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын басқарады, әріптестеріне этикалық нормаларды түсінуде қолдау көрсетеді;
педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
әріптестерімен бірге сабақты (оқуды, қызметті, іс-шараны) зерттейді және білім беру ұйымдарында оқыту (тәрбиелеу) тәжірибесін жақсарту үшін зерттеу нәтижелерін таратады;
облыс деңгейінде (кемінде 3 (үш) ауданды/ қаланы қамти отырып); республикалық маңызы бар қалалар мен Астанада, республикада (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) тәжірибені таратады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді, бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді;
тәлімгерлікті жүзеге асырады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге және облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар және салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе облыстық деңгейдегі білім беру органының (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, республика (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;
5) "педагог-шебер" біліктілік санатына:
тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттіліктері бар тұлғалар:
"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, сонымен қатар:
тәжірибені зерттеу нәтижелерін ескере отырып, оқытудың (оқудың, тәрбиелеудің) кіріктірілген үдерісін жоспарлайды және жүзеге асырады;
қауіпсіз және қолайлы білім беру (дамыту) ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады, этикалық нормаларды сақтаудың үлгісі болып табылады;
педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) дамыту бойынша ынтымақтастықтың тиімді тәжірибесін таратады;
білім беру ұйымдарындағы зерттеулерді үйлестіреді, нәтижелерді педагогикалық қоғамдастыққа таратады, әріптестерінің кәсіби дамуына қолдау көрсетеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешендерді немесе бағдарламаларды немесе әдістемелік материалдарды әзірлейді және тәжірибеге енгізеді немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізіміне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге немесе білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті саладағы уәкілетті органның жоспарына сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысушы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы (қолданыстағы сертификаты бар) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республика деңгейінде немесе халықаралық деңгейде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға, чемпионаттарға қатысушылары болады;
республикалық деңгейдегі ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының республика деңгейінде ұйымдастырған педагогтері үшін (кемінде 3 облысты қамти отырып) тәжірибені таратады.
57. "Екінші санат", "бірінші санат", "жоғары санат" біліктілік санаттары бар педагогтер өтініш негізінде осы Қағидаға сәйкес тиісінше немесе жалпы негіздерде "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санатын беру үшін біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
Мәлімделген біліктілік санаттарына өтпеген педагогтерге санат ПББ нәтижелері негізінде беріледі. "Педагог-модератор" біліктілік санатын беру үшін ПББ ұпайлары жеткіліксіз болған жағдайда, педагогке "педагог" санаты беріледі.
58. Педагогтер біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттау кезінде өтініші негізінде біліктілік бағалауынан, ПББ-дан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өтеді.
59. Біліктілік санаттарын сақтай отырып, аттестаттау педагогтердің өтініші негізінде, екі жылдан аспайтын мерзімге келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесіне енгізілген аурулар бар болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде;
2) жүктілігі және босануы, бала күтімі жөніндегі демалыстан шыққаннан кейін, оның ішінде жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін ол үш жасқа толғанға дейін;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден (орталықтардан), педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымдарынан, біліктілікті арттыру институттарынан білім беру ұйымдарына ауысқан тұлғаларға;
4) педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген тұлғаларға беріледі;
5) егер педагогтің біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалса, ал педагог Қазақстан Республикасының ішінде басқа білім беру ұйымына ауысса.
60. Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады. Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін педагогикалық қызметті жүзеге асыруды жалғастыратын зейнеткерлік жастағы педагогтер осы Қағиданың 54-тармағына сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді.
61. Педагогтерге біліктілік санатын беру білімі туралы дипломда немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжатта көрсетілген мамандыққа (біліктілікке) сәйкес немесе (бірінші басшылар, басшылардың орынбасарлары, бөлім басшылары (меңгерушілер), білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, арнайы педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері үшін) атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік беріле отырып жүзеге асырылады.
62. Білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген пәндерді оқыту кезінде біліктілік санатын беру негізгі лауазым бойынша жүргізіледі.
Негізгі лауазым бойынша берілген біліктілік санаты білімі туралы дипломда бір мамандық ретінде көрсетілген оқытылатын пәндерге де қолданылады.
63. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (оқу-өндірістік комбинаттары) педагогтеріне кезекті біліктілік санатын беру (растауды) оқытатын бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес өтеді.
"Педагог (оқытушы)" лауазымы бойынша берілген біліктілік санаты "бөлімше меңгерушісі", "өндірістік оқыту шебері", "аға шебер" лауазымдарына қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызмет ауысқан немесе жүзеге асырылған кезде сақталады.
"Бөлімше меңгерушісі", "өндірістік оқыту шебері", "аға шебер" лауазымдары бойынша берілген біліктілік санаты "педагог (оқытушы)" лауазымына ауысқан және қоса атқару немесе қоса атқару шарттарында педагогикалық қызметті жүзеге асырған кезде сақталады (таратылады).
64. "Көркем еңбек", "Еңбекке баулу" пәні бойынша сабақ беретін педагогтер "Технология", "Бейнелеу өнері", "Сызу" мамандықтары бойынша; "Графика және жобалау" пәні бойынша – "Бейнелеу өнері", "Сызу", "Информатика" мамандықтары бойынша дипломмен аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ бұрын берілген біліктілік санатына сәйкес кәсіптік оқуы ескеріледі.
65. Педагог жоғары оқу орындарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды кәсіптік даярлау жүзеге асырылмайтын пәндерді оқытқан жағдайда оның бұрын алған санаты сақталады. Кезекті біліктілік санатын беру біліктілікті арттыру туралы құжаты болған жағдайда жалпы негізде жүзеге асырылады.
66. Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына немесе әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын ұйымға ауысқан кезде немесе педагогикалық қызметті қоса атқару немесе қосымша атқару шарттарында жүзеге асырған кезде немесе педагогтің қызмет бейініне сәйкес білім беру ұйымында педагогті басқа лауазымға тағайындаған кезде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
4-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) тәртібі
67. Қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге жол беріледі.
1) "педагог-сарапшы" - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған педагогтер;
аудандық/қалалық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;
С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.
2) "педагог-зерттеуші" - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыстық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.
3) "педагог-шебер" - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар;
Қазақстан Республикасының "Үздік педагогі" атағына ие болған адамдар.
Комиссия "мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған кезде мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
5-параграф. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшы орынбасарларын аттестаттаудан өткізу тәртібі
68. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысының біліктілік санаты үш жылға, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинет (орталық) басшысы орынбасарларының біліктілік санаты бес жылға жарамды.
Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
69. Тиісті деңгейдегі аттестаттау органының персоналды басқару қызметі жыл сайын қыркүйектің бірінші онкүндігінде аттестатталатын білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылардың, басшы орынбасарларының алдағы күнтізбелік жылға тізбесін айқындайды және сәйкес деңгейдегі Комиссияға жібереді.
70. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары ПББ нәтижелеріне және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға сәйкес кезектілікті сақтамай біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы. Кейінгі аттестаттау бірізділік принципіне сәйкес жүргізіледі.
71. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
72. Комиссия мүшелері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нұсқаулық бойынша білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшыларының, басшы орынбасарларының материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады, осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес аттестатталушының қызметінің нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу өткізеді.
Портфолионы қарау кезінде аудио немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
73. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшыларын, басшылардың орынбасарларын кезекті аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді;
қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді;
мәлімделген біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді;
біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады).
Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді.
74. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келесі біліктілік санатын беруге тиісті деңгейдегі комиссияға қызмет нәтижелерінің мәлімделген біліктілік санатына сәйкес екі жыл ішінде үздіксіз қол жеткізу негізінде мерзімінен бұрын өтініш беруге құқылы.
"Мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес келмейді" шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені педагогке жолдайды. Бұл ретте қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
75. "Басшы-ұйымдастырушы" біліктілік санаты "үшінші санаттағы басшы" біліктілік санатына; "басшы-менеджер" біліктілік санаты "екінші санаттағы басшы" біліктілік санатына; "басшы-көшбасшы" біліктілік санаты "бірінші санаттағы басшы" біліктілік санатына теңестіріледі.
76. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшының орынбасары бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты басшы, басшының орынбасары лауазымындағы қызмет мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Бірінші басшы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына және керісінше ауысқан кезде басшының (басшының орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты келесідей лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады:
"бірінші санатты басшы" - "бірінші санаттағы басшының орынбасары";
"екінші санаттағы басшы" - "екінші санаттағы басшының орынбасары";
"үшінші санаттағы басшы" - "үшінші санаттағы басшының орынбасары".
|
Педагогтерді аттестаттауданөткізу қағидалары меншарттарына1-қосымша
|
|
Нысан
|
|
_________________________
|
|
(тестілеуді өткізу жөніндегіұйымның басшысына)
|
Педагогтің білімін бағалаудан өтуге өтініш
Мен,___________________________________________________________,
(педагогтің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
ЖСН_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
(диплом бойынша мамандық) мені 20___ жылы педагогтің білімін бағалаудан (ПББ) өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Қазіргі уақытта_______жылғы ______ айының ___күніне дейін жарамды біліктілік санатым бар/немесе жоқ
Тестілеуді тапсыру тілі (керегінің астын сызу керек): қазақша/орысша.
Жұмыс орны:
________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы, лауазымы)
ПББ рәсіміне қатыса отырып, дербес деректерді өңдеуге өз келісімімді беремін.
ПББ (тестілеу) өткізілетін ғимаратта тыйым салынған заттарды пайдалануға әрекет жасағаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етілдім.
Тыйым салынған зат табылған кезде ережелерді бұзу актісі жасалып, нәтижелері жойылатыны, педагог аудиториядан шығарылатыны, бір жыл мерзімге ПББ рәсімінен өту құқығынан айырылатыны, бұзушылық қайталанған жағдайда педагог, бөлім басшысы (меңгерушісі), әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары бес жыл мерзімге, білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы (басшысының орынбасары) – үш жылға жіберілмейтіні туралы хабарланды.
ПББ рәсімін өткізу талаптарын бұзу фактілері, сондай-ақ рәсімнің бейнежазбасын қарау кезінде анықталған қағидаларды бұзу фактілері анықталған кезде, тапсыру мерзіміне қарамастан, қағидаларды бұзу актісі жасалып, нәтижелердің күші жойылатыны хабарланды.
ПББ өткізу талаптарын бұзу актісімен танысуға және оған қол қоюға міндетті екендігі туралы хабардар етілді.
Тыйым салынған заттар: сыртқы байланысты немесе деректерді сақтауды және іздеуді қамтамасыз ететін кез келген электрондық құрылғылар; шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер; калькулятор және түзету сұйықтығы.
"____"_________ 20___ жыл
__________________ (қолы)