Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастырылуы бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дұрыс тамақтану қағидасы» атты іс - шарасы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат жаңадан ыстық тамақ ішетін оқушыларға мектеп асханасында тамақтану әдебі мен қағидалары туралы түсінік беріп, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, ыстық тамақ ішіп жүрген оқушылардан кері байланыс алып, анықталған олқылықтар бойынша жұмыстар атқару.
Іс - шараға 1 - 11 сынып оқушыларының ыстық тамақ ішетін оқушылары, ата - аналар қатысты. Іс - шара барысында мектептің медбикесі С.С.Актасова «Асханада тамақтану тәртібі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылар сұрақ қойып, өз жауаптарын алды. Мектеп асханасында сақталуы тиіс санитарлық-гигеналық талаптар, асхана тағамдарының мөлшері, дұрыс тамақтану қағидалары туралы баяндама оқыды.
Оқу жылының ІІ тоқсанында жалпы ата- аналар жиналысында мектептің әлеуметтік педагогы М.А.Жанатаева «Мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастырудың жағдайы» туралы баяндама оқыды. Ата - аналар асхана жайлы кері байланыс беріп, төмендегідей ұсыныстар айтты:
- Ас мәзіріне жеміс-жидек қосу;
- Ас мәзіріне сүт өнімдерін (ботқа ) қосу;
- Асхана жұмысын ұлғайту және т.с.с.
Әлеуметтік педагог ұсыныстар негізінде сөз қорытындылап, ұсыныстарды асхана жалға алушысына жеткізетінін айтты.
Іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра, мектеп акт залында және кей сыныптар үшін сынып кабинеттерінде өткізілді.