1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 28 сәуір күні 1 - 11 сыныптар арасында
"Ынтымақты елдің ырысы мол ", "Тегі басқа -теңдігі бір"тақырыпта бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мектебімізде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде 28 сәуір күні 1 - 11 сыныптар арасында " Ынтымақты елдің ырысы мол ", " Тегі басқа -теңдігі бір " тақырыпта бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Жас жеткіншектердің достық пен ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Жас жеткіншектерді үлкен - кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым-қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
🔸Сынып сағаттар барысында еліміздегі көпұлтты халықтардың өзара татулығы мен бірлігін насихаттауға бағыттау, әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысып, бейбітшілік пен достық туралы мәнді әңгімелер жүргізді. Балалар ынтымақ, достық, бірлік туралы тақпақтар айтып, суреттер салып, шағын көріністер көрсетті. Әр сынып өз шығармашылығы арқылы достық пен келісімнің маңызын жеткізді.
🔸Бірлігі жарасқан елдің болашағы – жарқын, келешегі – кемел.