7, 8, 9 сыныптар арасында сыныптан тыс іс - шара өтті.
Мектебімізде мәдени-өнер пән әдістемелік бірлестігінің 07.04.2025 – 29.04.2025 жыл аралығындағы “Қол өнері – кілемде, сөз өнері - өлеңде” атты пәндер айлығының жоспарына сәйкес 24.04.2025 жылы көркем еңбек пәнінен 7, 8, 9 сыныптар арасында сыныптан тыс іс - шара өтті. Байқау тақырыбы:”Алтын қазына“. Оқушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту. Оқушылар байқауға қатысып, бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен, алғыс хаттармен марапатталды. Көркем еңбек пән мұғалімі: Орманова Ж.К.