Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің " Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі " КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!!! ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС.

    ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
    ҚҰРМЕТТІ АТА - АНАЛАР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ !
    ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ :  ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ.

        Жаз айларында мектебіміздің оқушылары уақытының басым көпшілігін сыртта өткізуде. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін олар міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.
    Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.
       Маусым - тамыз айларында балаларға бақылау жасау ата-аналар тарапынан әлсірейді. Ата - анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апарады.
         Балаңызды су жағасында қараусыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!
    ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
    Қоршау белгісінен әрі жүзуге!
    Тыйым салынған орындарда суға түсуге!
    Балаларды қараусыз қалдыруға!
    Судға түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!
    Суда ойнауға!
    Жалған айқай, қатер белгісін беруге!
    Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге!
    Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!
    Тамақ ішкен бойда суға түсуге!
    Таныс емес жерге сүңгуге!
    Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!
    Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!
    ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
    Суға абайлап түс.
    Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
    Жалғыз шомылмауға тырыс.
    Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
    Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
    Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
    ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗ!
    «Жедел-құтқару жасағы» баланың өміріне қауіп төнгенде «101» және «112» телефондары арқылы құтқарушыларды жедел шақыруға болатындығын ескертеді.
          
    10.06.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру