Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің " Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі " КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫНА

    Енгізілген өзгерістермен түсіндірме жұмысы жүргізілді.


       Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 2024 жылдың 19 наурызы күні мектеп мұғаімдерімен ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ШАРТТАРЫНА енгізілген өзгерістермен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Түсіндірме жұмысын мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Оспанкулова жүргізді. Биылғы оқу жылымен келесі оқу жылының І ж.ж. 56 мұғалімнің кезекті уақыты келіп тұрғанын айтып, тізіммен таныстырып өтті. Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелдерін көрсететін материалдары (портфолиосы) әртүрлі дерекқорлардан құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы платформадағы «жеке кабинетте» автоматты түрде қалыптастырылады. «Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Платформадағы «жеке кабинетке» өтініш береді. - өтініш;
    - жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
    - білім туралы диплом;
    - қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
    - білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген білім беру-бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
    - қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
    - педагог білімін бағалаудан өткендігі туралы сертификат;
    - берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
    -кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
    -білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар. Осы аталған құжаттардың болуы керектігін атап өтті.
        

    20.03.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру