"Туындыны табу ережелері" тақырыбында алгебра пәнінен.
Мектебімізде 17.01.2024 ж., күні 10 «А» сыныбында "Туындыны табу ережелері" тақырыбында алгебра пәнінен ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі Бердимуратова Ж. А. Сабақ ұлттық стильде болды.Сабақтың құрылымы дұрыс, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарланған.Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.Атап айтсақ, шашу, бәйге, ауылдың алты ауызы,тойбастар.Оқушыларды топқа түрлі түсті асықтармен бөлді және кері байланысты сол асықтарды қоржынға салумен аяқтады.