"Тарих әлеміне саяхат" атты интеллектуалды ойыны өткізілді.
Мектебімізде қараша айында өткізілген тарих және құқық пәндері бірлестігі айлығының аясында 5 «Ә, Б» сынып оқушыларымен "Тарих әлеміне саяхат" атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты- оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту, оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту және Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық тәрбие беру болып табылады. Ойын сабақ "Таныстыру", "Кім жылдам?", "Бұл не?", "Тұлғаны таны" деп аталатын IV кезеңнен тұрды. Оқушылар ойынға белсене қатысып, өздерін жаңаша қырларынан көрсетті. Ойында "Тұлпар" тобы І орынды иеленсе, "Қыран" тобы жүлделі ІІ орынды қанжығаларына байлады. Абдраман Айша, Айдарқұл Сержан және Рыскелді Маржан "Жас тарихшы" номинациясымен марапатталды.