6—30 қараша аралығында «Тарих тереңінен –болашақ биігіне» тақырыбындағы айлық аясында.
Мектебімізде 6—30 қараша аралығында «Тарих тереңінен–болашақ биігіне» тақырыбындағы айлық аясында тарих пәннің мұғалімі Бухаева Самал Сауданбековна 10 «А» сыныбымен «Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Көшпелі өркениетінің ерекшелігін ескере отырып, қазақтардың ру-тайпалық құрылымының қалыптасуы мен рулық құрылымының функционалдық маңызын түсіну. Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті.
Мектебімізде тарих, құқық бірлестігінің айлығы аясында тарих пәні мұғалімі Бухаева Самал Сауданбековна 11 сыныптар арасында "Кім білгір" атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Білім алушылардың танымдық ынтасы мен қабілетін дамыту, ойлау жүйесін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.