Мектеп оқушыларымен бірге тәлімгер, АӘД жетекшісі барып көмек берді.
Қарттар күні мерекесі.
1 қазан - Қарттар күні мерекесі қарсаңында оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз-ата бабасын сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсымен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің өзін - өзі басқару ұйымының мүшелері мен мектеп фракция мүшелері, тәлімгер, ұстаздар, қарт апамыз Күлімхан апамыздың үйіне барып мерекесімен құттықтап қайтты. Қарттарға арналған ізгі тілектерін айтып сыйлықтарын табыс етті.