"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебң" КММ 2022 - 2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша ата - ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертеді!
🔷Сондай - ақ, қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында:
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу;
- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне сыйлықтар беруге тыйым салу;
- соңғы қоңырауда мектеп бірыңғай мектеп формасын кию;
- мерекеге байланысты аниматорларды жалдауға тыйым салу;
- соңғы қоңырауда көліктерде серуендеуге тыйым салу;
- кафе немесе көңіл көтеретін орындарда отырыс жасауға, табиғатқа саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқық бұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау мақсатында жол берілмейді;
- мектепте емтихандар кезінде ақша жинау, дастархан жаю, гүл сыйлауға болмайды;
- жазғы ағымдық жөндеу жұмыстарына ақша жинауға тыйым салынады!
🔷 "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі" - деп Әл - Фараби ғұлама бабамыз айтқандай, жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беруді, оларды адалдыққа, парасаттылыққа, ашықтыққа ұстаздар болып, ата - ана болып, ең бастысы қоғам болып қолға алып тәрбиелеп, болашағымызды жарқын етейік!
🏫 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп директоры.
Байланыс тел.: 8 778 507 1791.