Мектебімізде 2023 жылдың төртінші мамыры сағат 11:00 – де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен өтетін «Еркін ел ұрпағы» атты жалпы ұлттық патриоттық диктант жазу ұйымдастырылды. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауаттыжазудағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Диктант жазу барысында мектеп мұғалімдерінің 47-сі қатысты (121-47 (39%). Ал оқушылардан барлығы – 230 оқушы қатысты. Оның ішінде 9 сыныптардан – 155, 10 сыныптардан – 50, 11 сыныптардан – 25 оқушы қатысты, ол 92% құрайды.