Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу мақсатында тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Парасатты ұлдар" клубы мүшелерімен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында клуб мүшелері атқарылатын іс-шаралар жоспарына кеңінен тоқталып, оқушылар арасындағы туындаған сұрақтарға жауап берді.