Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру мақсатында Жастар ресурстық орталығы мен мектебіміздің тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Мен дін туралы не ойлаймын?" атты тақырыбында 9 – 10 сыныптар аралығында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қазіргі дін саласындағы өзекті тақырыптар қозғалып, оқушылар дін туралы ұстазадармен өзара пікір алмасты.