Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды" тақырыбында мектепшілік
Мектебімізде 2025 жыл сәуірдің 30 - ы күні, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары арасында "Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды" тақырыбында мектепшілік театрланған көрініс байқауы өтті . Оқушыларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырларының өмірін насихаттау. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру . Жас ұрпақты елін,жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. байқау барысында оқушылар патриоттық тақырыпта театрланған көрініс қойылды. Байқау жоғарғы деңгейде өткізілді. Жеңіс– ерлік пен елдіктің, қажыр мен қайраттың мәңгілік символы. 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы – халқымыздың тарихындағы ең ауыр, ең қасіретті кезеңдердің бірі болды. Сол бір зұлмат жылдары қаншама боздақтарымыз Отан үшін от кешіп, жанын пида етті. Бүгінгі бейбіт өмір – солардың ерлігі мен жанқиярлық еңбегінің жемісі. Біз – азат елдің ұрпағымыз. Батыр бабалардың мұрасы – біздің жүрегімізде. Ұлы Жеңіс рухы – әр буынға өнеге, әр жүрекке үміт, әр Қазаққа мақтаныш! Мәңгілік ел болудың жолында Ұлы Жеңісті ұлықтау – қасиетті парызымыз! Оқушылар өз көріністерінде соғыс жылдарындағы халықтың қайсарлығы мен батырлығын, ата-бабаларымыздың ерлігі мен жеңіске қосқан үлесін жүрек жарды сөздермен өздеріні актерлік шеберліктерін айқын жеткізді. Байқау нәтижесінде үздік деп: 8 Ә сынып оқушылары бас жүлдеге ие болып , жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, аудандық театрланған көрініс байқауына жолдама берілді.