“ Виртуалды әлемдегі бала болмысы” тақырыбында бірыңғай ата - аналар жиналысы өтті.
Бала тәрбиесі туралы тренинг жаттығуларын көрсетті.
Шу ауданы білім бөлімінің 02.03/2627 хаты негізінде Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде 01 қараша 2024 жылы “ Виртуалды әлемдегі бала болмысы” тақырыбында бірыңғай ата- аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры А. А. Шаймаш ата -аналармен бала қауіпсіздігін бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ДҚІЖО Г.Қалдыбекова ата - аналарға балаларының ұялы телефондарына бақылау қою керек екенін, ата - аналардың балаларына көп уақыт бөлу керек екенін түсіндірді. Бала өмірінің қауіпсіздігі ата-ана мен мектептің ортақ мақсаты екенін айтып өтті. Жиналыс барысында мектеп психологтары Ж.Алиева мен А.Ескермесова ата - аналарға бала бойындағы қорқыныш - үрей, көңілсіздік пен проблемалық мазасыздықты танып білу белгілерін атап өтіп, кеңістіктегі бала тәрбиесі туралы тренинг жаттығуларын көрсетті. Жиналыс соңында психологиялық кеңестер жазылған жаднамалар таратылды.