2024 жылдың ақпан айының 19-ы күні 8 «А» сынып жетекшісі Хороходжаева Айгул Канапиякызы «Мен және менің болашақ кәсібім» тақырыбында оқушылармен тәрбие сағатын өткізді. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Тәрбие сағатымыздың соңында оқушылар жақсы маман иесі болу үшін көп оқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйді.